Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Жапонияда олимпиялық алау эстафетасы сөреден шықты
ТОКИО. 25 наурыз. Бүгін, бейсенбі күні Жапонияда Олимпиада алауын алып жүруге арналған эстафета басталды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Эстафета таңертең Фукусима префектурасынан сөре тартты. Оны 2006-2016 жылдары Жапония құрамасы сапында өнер көрсеткен футболшы қыз Азуса Ивасимидзу бастап берді.
Эстафета Жапонияның 47 префектурасының бәрін жағалап өтіп шығады. Ол 121 күнге созылады. Ал Олимпиада биылғы 23 шілде күні ашылады. Оның жабылу салтанаты 8 тамызға белгіленіп отыр.
Токио Олимпиадасы 2020 жылғы 24 шілдеден 9 тамызға дейін өтуге тиіс болатын. Алайда, коронавирус пандемиясы салдарынан оның мерзімі бір жылға кейін шегерілді.