Елордада ковидке қарсы екпе жөнінде сұхбат жүргізілді
АСТАНА. 25 наурыз. Елордада «#Antikor.Live» жобасы аясында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов пен Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов ковидке қарсы вакцинация және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде онлайн сұхбат жүргізді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Тікелей эфирде Тимур Мұратов елордадағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай, COVID-19-ға қарсы екпенің барысы туралы айтып, МӘМС аясында пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне кеңірек тоқталды.
Бүгінгі таңда 10 стационар жұмыс істейді, оның ішінде 9 инфекциялық, 1 карантиндік стационар бар. Олардың сыйымдылығы 1220 төсекті құрайды, бұлардың 720-ы инфекциялық және 500 карантиндік төсектер болып саналады.
Елордада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жасау жалғасуда, ол емханаларда медицина қызметкерлеріне, оқу орындарының педагогтарына, балабақша тәрбиешілеріне және күш құрылымдарының қызметкерлеріне жүргізіледі, сондықтан олар да КВИ инфекциясына ұшырайды және қауіп-қатерге ұшырайды.
«Вакцинацияланған пациенттер арасында асқынулар анықталған жоқ», – деді спикер.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желі қолданушыларына қазіргі уақытта Ресейдің «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасымен вакцинациялауды жалғастыратынымызды хабарлады. Препарат екі компонентті, үш апта аралықпен екі рет енгізіледі.
Вакциналау басталғаннан бері – 1 ақпаннан бастап Басқарма қоймаларына бірінші компоненттің 11 530 мың дозасы, екінші компоненттің 7 750 дозасы жеткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласында ПТР әдісімен 1 млн. астам зертханалық зерттеу жүргізілді. Осындай зерттеулерді жүргізу үшін қала бойынша 25 зертхана жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Тимур Мұратов жаңа нозологияларды енгізу арқылы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген дәрі-дәрмектердің жаңа тізімі кеңейтілгенін айтты. Олар ересектер үшін 29 ауру және балалар үшін 53 ауру болып шешілді.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер 2020 жылдан бастап денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тегін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес тері аурулары, артрит, глаукома кезінде дәрілік препараттармен, тыныс алу органдарының аурулары бойынша антибиотиктермен және басқалармен тегін қамтамасыз етіледі.
Бұл тізбеге емханалардың ақпараттық стенділерінде де еркін қол жеткізуге болады. Тізбеге МӘМС шеңберінде қосымша дәрілік заттардың 135 атауы енгізілді.
Тікелей эфирде Тимур Мұратов қала тұрғындарын қарапайым санитарлық нормаларды сақтауға шақырды – бұл бетперде режимін сақтау, көп жиналатын орындарға ерекше қажеттіліксіз баруды шектеу.
«Біздің басты міндетіміз – өткен жылдың жазында болған жағдайды қайталамау», – деді ол.