ЛОНДОН. 8 шілде. Британия поштасын жайлаған жалған айыптаулардың салдарынан 13 қызметкер өздерін өздері өлтіріп жіберген. Бұл туралы Associated Press ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Британия поштасында үлкен жанжал туды: одан келген жалған айыптауларға наразы болған қызметкерлердің кемінде 13-і өзіне өзі қол жұмсаған. Осы істі тексеру барысында компьютер жүйесінің ақауы салдарынан жіберілген құқықтық тәртіп бұзушылыққа ұрынған 1000-ға тарта пошта қызметкері заңсыз жауапқа тартылған немесе сот жүзінде жазаланған.
Осы жанжалдың салдарынан тағы 59 қызметкер өзіне өзі қол жұмсамақ болыпты.
Қазір бұл оқиға Ұлыбритания тарихындағы ең ірі сот қателіктерінің бірі ретінде аталып отыр. Шамамен 1999 жылдан 2015 жылға дейін пошта бөлімшелерінде қызмет еткен жүздеген қызметкер ақаулы ақпарат жүйесінен алынған айғақтарға негізделген ұрлық, алаяқтық және жалған есеп үшін деген айыптаулармен сотталған екен.
Жанжалдың қоғамдық тексеруін басқарған доғарыстағы судья Вин Уильямс сейсенбі күні жариялаған есебінде, отбасылар деректеріне сүйене отырып, кемінде 13 адамның осы жалған айыптаулардың құрбаны болып кеткендерін атап өтті. Олардың бәрі пошта бөлімшелеріндегі есеп жүйесінің ақаулықтары нәтижесінде ақшаның кем шығуы фактілері бойынша айыпталып отырған.
Мемлекетке қарайтын пошта бөлімшелері де көп жылдардан бері жеке бизнес секілді жұмыс істеп келеді.
Бірақ пошта жүйесін жайлаған толық кең ауқымды әділетсіздік жайы өткен жылы мұндағы жанжал жайлы түсірілген телевизиялық деректі драманың бастақырыбы бүкіл елдегі газеттердің беттеріне шыққаннан кейін ғана белгілі болды. Сол кезде елде зардап шеккен пошта қызметкерлерін қолдаушылар өре түрегелді.
Мұндай алапат қателікке ұрынуға пошта филиалдарына бұдан 25 жыл бұрын енгізілген жапонның Fujitsu фирмасының сатылым есептерін автоматтанлыруды қамтамасыз етуші Horizon бағдарламасы себепкерлік еткен. Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінің есепшоттардағы қаржыларды кемітіп көрсететін жалған мәліметтер беретіні анықталғаннан кейіе пошта бөлімшелері филиал жетекшілерінің арсыздықтарын айыптап, оларды кемістіктің орнын өз қалталарынан жапқан қызметкерлерге ақшаларын қайтарып беруді міндеттеді.
Тұтастай алғанда, есепте көрсетілген мәліметкер сай, дұрыс емес мәліметтер негізінде қызметкерлерді айыпты етіп шығарған тағы 1000-ға тарта адам сот жүзінде жазаларын алды. Сол уақыттан бері үкімет үкімдерді бұзу және құрбандарға өтемақы төлеу жөнінде заң қабылдады.
USD




