Байден Путинді «кісі өлтіруші» деп атады
ВАШИНГТОН. 18 наурыз. АҚШ президенті Джозеф Байден ресейлік әріптесі Владимир Путинге «кісі өлтіруші» ретінде баға берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Ресей-америка қарым-қатынасындва нендей өзгерістер болып жатқанын Вашингтонның өзі түсіндіріп айтуы тиіс», – деді осыған орай Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова.
АҚШ лидері бұдан бұрын Владимир Путиннің «Америка сайлауына араласқаны үшін жауап беретінін» мәлімдеген еді. БАҚ сондай-ақ Байденнің АВС телеарнасы журналисіне берген сұхбаты кезінде Ресей президентін «кісі өлтіруші» деп атағанын жазып жатыр.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Паски Байденнің Путин туралы сөзінің метафора ретінде айтылған-айтылмағанын түсіндіріп беруден бас тартты.
«Біз америкалық әріптестеріміздің онда не болғаны туралы тіке сұрағымызға жауап беруден толық бас тартып отырғанын білеміз. Олар (жауаптар – редакция ескертпесі) принципінде жоқ та. Ол жақта не болып жатқаны жайлы сұрақ соларға қойылады», – деді Захарова «Вести FM» радиостанциясының эфирінде.
Бұдан алдын Ресей сыртқы істер министрлігі Вашингтонмен арадағы қатынасқа баға беру үшін елдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновтың консультацияға шақырылғанын баяндаған еді.