Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
АҚШ ешқашан Қырымды Ресейдікі деп мойындамайды
ВАШИНГТОН. 26 ақпан. АҚШ президенті Джо Байден өз әкімшілігінің ешқашан Қырымды Ресейдікі деп есептемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы «Ведомости» хабарлады.
«Құрама Штаттар бұрынғысынша Киевті қолдай береді және Қырымды ешқашан Ресейдің территориясына жатқыза алмайды. Біз басынан осы позицияны ұстандық: Қырым дегеніміз – бұл Украина», – деп жазды Джозеф Байден Ақ үй сайтында.
«АҚШ ешқашан Ресейдің бұл түбекті басып алғанын кешіре алмайды, сондықтан біз Ресей агрессиясына қарсы Украинамен бірге боламыз», – делінген хабарламада.
Байденнің айтуынша, Вашингтон «Ресейді жауапкершілікке тарту мәселесін» көтеруді жалғастыра беретін болады.
Еске сала кетейік, Қырым 2014 жылы ақпан айында референдум өткеннен кейін Ресейдікі болып жарияланған болатын.