Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Жұмыстан кеш келгені үшін күйеуі әйелін ұрып өлтірді
ӘНДІЖАН. 26 ақпан. Әндіжанда жұмыс орнында кідіріп қалғаны үшін күйеуі әйелін ұрып өлтірді. Бұл туралы Уза.uz хабарлады.
Құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған БАҚ-тардың ақпарынша, 21 жастағы келіншек жұмыстан үйіне кештеу келген. Осыған байланысты күйеуімен арада жанжал туып кеткен. Соңында күйеуі әйелін естен танғанынша аяусыз ұрып сабаған. Келіншек ауруханаға бара жатқан жолда жантәсілім еткен.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, әйел денесінің сау-тамтығы қалмаған, басы жарылған, денесін түгел қан жуып кеткен. Оның сондай-ақ жүрекке және өкпеге ауа жетіспеушілікке ұшырағаны да белгілі болған.
Ер кісі осы қылмысы үшін қатаң режимдегі колонияда 9 жыл отыруға кесілді.