Байден АҚШ президенттігі жолындағы науқаннан шығатынын мәлімдеді
УАШИНГТОН. 21 шілде. АҚШ-тың іс басындағы президенті Джо Байден өзінің ендігі сайлаудағы кандидатурасын алатыны жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның жайын Джозеф Байден бұдан бірнеше минут бұрын Х әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жазып, ресми мәлімдемесінде атап көрсеткен.
Бұдан алдын бұқаралық ақпарат құралдары Джо Байденнің өз үміткерлігіне қарсы кімдердің астыртын жұмыс жасай отырғанын анықтап алғанын баяндады.
Ақ үйдің іс басындағы қожайыны өзіне қарсы науқанның «қуыршақ ойнатқышы» АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама деп санайды. Америка лидері екінші бір «арандатушы» ретінде Өкілдер палатасының бұрынғы спикері Нэнси Пелосиді атайды.
NYT газетінің жазуынша, Обама Лос-Анджелестегі кездесуі барысында Байденнің қаншалықты кәрі көрінетініне және сасқалақтап жүргеніне қайран қалғанын жазады. Бұл шара Республикалық партияның мүдуары Дональд Трамппен өтетін дебаттың қаншалықты сәтсіз болатынын байқатқан.
Бұдан бұрын Обама мен Пелоси Байденді екінші мерзімге сайлану үшін дауысқа түсуден бас тартуға, сөйтіп, орнын Демократиялық партиядағы жақтастарының біріне беруге шақырған екен. Ал ерлі-зайыпты Билл және Хилари Клинтондар керісінше Байденге қолдау көрсетіп, сайыс жолынан шықпауға үндепті.
Ал Байденнің өзі көпшілік алдында сайлау алды науқанды жалғастыра беретін ниеті бар екенін қанша айтқанына қарамастан, өзінің кандидатурасын сақтап қала берудің барған сайын қиындай түскенін сезіне бастады. Журналистердің пікірінше, ол мүмкіндігінше өз бет-бейнесін сақтай отырып, жарыс жолынан шығуды көздеп келген сияқты.