Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қазақстан армиясы ТМД елдерінде 5-орында тұр

АСТАНА. 26 ақпан. Қазақстан армиясы өзінің күш-қуаты жағынан ТМД елдері арасында төртінші орын алады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Мұны Global Firepower жасаған 2021 жылғы рейтинг анықтады. Ол бойынша, Қазақсан қарулы күштері әлемде 62-ші позицияға бекінсе, ТМД елдері арасында 5-ші тұғырға орналасқан. Республиканың әскери қуаты тек Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан мемлекеттерінен ғана төмен.

Ал жалпы тізімде АҚШ әскерлері топ бастап келеді – 1 орында. Бұдан кейінгі 2 орынға Ресей әскери күштері жайғасқан. Алғашқы ондықты бұдан әрі (3) Қытай, (4) Үндістан, (5) Жапония, (6) Оңтүстік Корея, (7) Франция, (8), Англия, (9) Бразилия, (10) Пәкістан елдері толықтырады. Бұдан әрі Түркия (11), Италия (12), Мысыр (13), Иран (14), Германия (15), Индонезия (16), Сауд Арабиясы (17), Испания (18), Австралия (19), Израиль (20) мемлекеттері тұр. Жаһандағы танымал дәулеттердің арасында Канада – 21-ші, Польша – 23-ші, КХДР – 28-ші, Швеция – 31-ші, Нидерланд – 37-ші, Румыния – 41-ші, Аргентина – 42-ші, Португалия – 52-ші, Болгария – 67-ші, Бельгия – 68-ші, Жаңа Зеландия 84-ші позицияда келеді. Кіп-кішкентай қала-мемлекет – Сингапурдың 40-шы орында тұрғаны таң қалдырады.

Енді ТМД елдеріне келейік. Олардың орындары мынадай: 1.Ресей (әлемде – 2), 2.Украина (әлемде – 25), 3.Беларусь (әлемде – 50), 4.Өзбекстан (әлемде – 51), 5.Қазақстан (әлемде – 62), 6. Әзербайжан (әлемде – 64), 7.Литва (әлемде – 85), 8.Түрікменстан (әлемде – 86), 9.Грузия (әлемде – 92), 10.Қырғызстан (әлемде – 93), 11.Латвия (әлемде – 92), 12.Тәжікстан (әлемде – 99), 13.Армения (әлемде – 100), 14.Молдова (әлемде – 107), 15.Эстония (әлемде – 109). Жалпы топты 139-орындағы Бутан мемлекеті аяқтайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button