«Ана туралы жыр» – анаға сағыныш сазы (видео)
Адам баласы үшін анадан артық жан жоқ. Ананың орны қашанда бөлек. Сондықтан қазақ халқы Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» атты әнін ерекше беріліп шырқайды. Осы әнде перзенттің анаға деген бар құрметі мен сүйіспеншілігі жатыр.
Ал атақты әннің шығу тарихы мынадай.
Шәмші Қалдаяқов консерваторияда оқып жүрген кезінде ауылынан анасы қайтыс болғаны туралы суық хабар жетеді. Қаралы хабарды естіген бойда ол оқуын тастап, ауылына асығады. Анасының мезгілсіз қазасы оның жанына қатты батады. Көзі тірі жандардың арасынан анасын іздеп, жаны жабырқайды. Келмеске кеткен аяулы анасына деген бар жылулығы мен сағынышын жеткізу мақсатымен ол ән жазуға отырады.
Осылай қиялында тербелген саздар ақырында бір жүйеге түсіп, әнге айналады. Сол уақытта Алматыға оралған жас композитор оған мәтін жазатын ақын іздеп, Жазушылар Одағына барады. Бара сала таныс ақын-жазушыларына: «Ана туралы өлең жазып беріңдер, жігіттер» деген өтініш айтады. Сонда оған кезіккендер: «Жақында Ғафудың анасы өмірден өтіп еді. Сен одан да сол жігітке бар» деп жауап қатып, жол сілтейді.
Осыдан кейін Шәмші ақын Ғафу Қайырбековке барып, әнін тыңдатады. Ғафу әнді тыңдап, біраз уақыт үнсіз отырады. Ол да анаға арнау ретінде жыр жазуды ойластырып жүрген екен. Сазгердің мұңлы сазынан кейін ол 15 минуттың ішінде «Ана туралы жыр» әнінің мәтінін жазып береді.
Ана туралы жыр
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазған: Ғафу Қайырбеков
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін
Әлемнің асылын..
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім,
Балалық махаббат,
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
«Ана туралы» жыр да туысқан татар халқы да ертеден бері беріле шырқайды. Олардың бұл әнге бауыр басып алғандары сондай, оны тіпті көпшілігі өздерінің төл әндері санайды.
Енді әннің татарша мәтіні мен екі нұсқасын тыңдап көріңізідер.
Биргәнсең син миңа
ал нурын таңнарның,
Җыйгансың син миңа
бар гөлен даланың.
Биргәнсең канатлар
талпыныр чагымда,
Балалык рәхмәтем
җырымда чагыла.
Кадерләп үстергән
мин синең җимешең,
Куеның – гөлбакча,
назлы җил – сулышың.
Инде буй җитсәм дә,
мин сиңа сабыймын,
Күңелең назларын
күзеңнән таныймын.
Боларга бәрабәр
ни генә бирәем,
Бердәнбер бүләгем –
тугры йөрәгем.
Итә күр канәгать,
риза бул шушыңа,
Үзеңә аталган
җырымны кушып ал.
Кадерләп үстергән
мин синең җимешең,
Куеның – гөлбакча,
назлы җил – сулышың.
Инде буй җитсәм дә,
мин сиңа сабыймын,
Күңелең назларын
күзеңнән таныймын.
Бурычлы сиңа мин,
әнкәем-алтыным,
Сиңа дип эзләдем
дөньяның асылын.
Ай белән кояшны
бирим дип уйладым,
Үрелеп алырга
җитмәде буйларым.
Кадерләп үстергән
мин синең җимешең,
Куеның – гөлбакча,
назлы җил – сулышың.
Инде буй җитсәм дә,
мин сиңа сабыймын,
Күңелең назларын
күзеңнән таныймын.