Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Байден Ресейді бәрі үшін «ақы төлеуге» мәжбүр ететінін айтты

ВАШИНГТОН. 5 ақпан. АҚШ президенті Джо Байден Ресейді осы кезге дейін жасаған барлық кері әрекеттері үшін «жауап беруге» мәжбүр ететінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Ақ үйдің егесі мұны мемлекеттік департаменттің сыртқы саясат бағдарламасы бойынша сөйлеген сөзінде айтты.

«Мен өзімнің алдымдағы ізашарыма қарағанда, Путинге АҚШ-тың Ресей агрессиялық әрекеттері – біздің сайлауымызға араласуы, кибершабуылдары, өз азаматтарын улауы алдында қол қусырып қарап отыра беретін күндері артта қалғанын ашық білдірдім. Біз бұл үшін Ресейді жауап беруге ойланбастан мәжбүр етеміз және өз халқымыздың өмірлік мүдделерін қорғайтын боламыз», – деді ол.

Мәскеу бұған дейін Байденнің білдірген барлық айыптауларын жоққа шығарып келген еді.

Америка лидері АҚШ енді Ресей мәселесі жөнінде «барынша қатқыл» болады дегенді жеткізді.

Бұған қоса, Байден сейсенбі күні шартты мерзімі 3,5 жылдық жалпы режимдегі колонияға ауыстырылған Алексей Навальныйды жедеол құлып астынан босатуды бірінші рет көпшілік алдында талап етті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button