Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
АҚШ Германиядан әскерлерін әкетпейтін болды
ВАШИНГТОН. 5 ақпан. АҚШ Германия жерінде дислокацияда тұрған әскерлерін әкетуді тоқтатты. Бұл туралы «Известия» хабарлады.
Президент Джозеф Байденнің жаңа әкімгершілігі осының алдындағы президент Дональд Трамптың америкалық контингентті 12 мың адамға қысқартуды жоспарлаған шешімін қайта қарамақшы болып отыр.
АҚШ Қарулы күштері Еуропа командованиясының басшысы Тод Уолтерстің айтуынша, жаңа әкімгершілік бұл мәселені егжей-тегжейлі тексеріп, қай жағының дұрыс болмағын безбен басына салып көреді. Соңғы үкімді қорғаныс министрі Ллойд Остин президентпен бірге шығарады. Бірақ шешімнің қашан қабылданатынын айтқан жоқ.