Қырғыздың экс-президенті Жээнбековтің Түркияға қашып кеткені рас па?
БІШКЕК. 4 ақпан. Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбековтің Түркияға сапарға кетуі бойына әлеуметтік желіде оның қайтып келмейтіні жайлы қауесет тарап кетті. Бұл туралы K-News хабарлады.
Ал Жээнбековтің баспасөз хатшысы оның Анадолы жеріне кіші қажылық рәсімдерін жасау үшін кеткенін баяндады. Алайда, «Салам,Қырғызстан» Telegram-арнасының авторлары бұрынғы президенттің бұрын жасаған істері үшін қылмыстық жауапқа тартылмау үшін отбасын алып қашып кеткенін айтып қоятын емес.
Ресейлік бірқатар саясаттанушылардың айтуларынша, Жээнбеков Түркияға Анкарада Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесіп, «түрік әлемін» құру туралы мәселені талқылау үшін барған. Олар сондай-ақ осыдан кейін Қырғызстанның саяси векторы түбегейлі өзгеретініне болжам жасап отыр. Басқаша айтқанда, қырғыздар алда тағы бір бұрылысты қадам жасап, енді түріктер жағына қарай біржола бұрылатын болады.
Ресей саясаттанушылары осы жағынан қатты алаңдаушылық білдіріп жатыр.
Сооронбай Жээнбеков өткен жылы қазан айында өткен жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан өзінің орынтағынан кеткен болатын.