25 Тамыз, 07:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейдің оффшорлық резерв құрмақ болған әрекеті әшкереленді

2 Ақпан 2025 22:45
- Дәулет, Жаңалықтар
Ресейдің оффшорлық резерв құрмақ болған әрекеті әшкереленді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 2 ақпан. Ресейдің қаржылық алаяқтық сызба арқылы оффшорлық резерв құру әрекеті анықталып, $2 млрд ақшасы бұғатталды. Бұл туралы Dialig.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады.

АҚШ Ресейді оффшорлық доллар қорын құруға әрекеттенді деп күдіктеніп, шамамен оның 2 миллиард доллар қаржысын қатырып тастады.

Сөйтіп, Ресейге тиесілі тағы 2 миллиард доллар АҚШ-тың қолына түсті. Американың JPMorgan банкі Түркияға аударуға әрекеттенген кезде қаражатты бұғаттаған. Мұның жайын Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазды.

«Мәскеудің JPMorgan есепшотында 2 миллиард доллар тұрып қалған. Құрама Штаттар онымен не істерін білмей отыр. АҚШ-тың Әділет министрлігі Ресей мен Түркияны Ақкую атом электр станциясы жобасымен АҚШ-тың санкцияларын айналып өтуге тырысты деп күдіктенгеннен кейін АҚШ бұл ақшаны бұғаттаған», – делінген мақалада.

Ресей мен Түркия арасындағы әдеттен тыс қаржылық белсенділік орыс әскерлері Украинаға жаппай шабуыл жасап, басып кіргесін бір-екі айдан кейін басталды. Сол кезде «Аққую құрылысына қысқа мерзімде 5 миллиард долларға жуық қаржы аударылған. Төлемдер мұнымен бітпеді.

АҚШ әділет министрлігі «Аккую» жай ғана бүркеме, ал шын мәнінде Мәскеу Түркияның көмегімен Батыстың санкцияларын айналып өтіп, шетелдегі басқа операцияларды қаржыландыру үшін оффшорлық доллар қорын жасап жатыр деп санайды.

Қазір бұл ақша бұғатталған.

WSJ мәліметінше, Түркияға ақша аудару үшін америкалық банктерді пайдалану идеясын Ресей Федерациясының Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина ойлап тапқан. Бұл сызбаға әлемдік энергетика және азық-түлік нарығындағы проблемаларды болдырмау үшін АҚШ санкция салмаған ресейлік қаржы институттары қатысты. Мәскеу бұл олқылықты жақсы пайдаланған.

Түркия сызбаға қызығушылық танытыпты, өйткені инфляцияны жеңілдету үшін шетел валютасына өте мұқтаж еді. Басылымның жазуынша, бұл схемаға Түркия президентінің ең жақын адамдарының бірі, елдің Ұлттық барлау қызметін басқаратын Ибрагим Калин араласуы мүмкін.

Таңбалар: банкқаржыоффшорРесейТүркия

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist