Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Тағы бір нұротандық әкім парамен ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 ақпан. Алматы облысы Талғар ауданының әкімі пара алу барысында құқық қорғаушылардың торына түсті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Бұған дейін бірқатар баспасөз құралдарында Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің пара алғаны үшін ұсталғаны туралы ақпар тарап кетіп еді.

Кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі нұротандық әкімнің ұсталғанын растады.

Әлеуметтік желіде Талғар ауданынің әкімі мен оның орынбасарының аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығымен бірге атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алу күдігіне ілінгендері айтылды.

Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған тұлғалардың үстерінен тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу аудан әкіміне қатысты «қамауда ұстау» шарасын қолданды.

Серікжан Ерекешев өткен жылдың тамыз айында Талғар ауданына әкім болып тағайындалған екен.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button