Түркияның Ресейден алатын мұнайы көлемі барынша қысқарды

АНКАРА. 28 ақпан. Түркия Ресейдің мұнайын сатып алудан бас тартты, бұдан Кремль орасан зор экономикалық соққы алатын түрі бар. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ-тың санкциялары Түркияны Ресейге орасан зор шығын келтіре отырып, оның мұнайынан бас тартуға мәжбүр етіп жатыр.
Құрама Штаттардың РФ энергетикалық компаниялары мен танкер флотына қарсы бағытталған жаңа санкциялары нәтижесінде Түркия Ресейден алып келген мұнай көлемін айтарлықтай қысқартып жіберуге мәжбүр болды. Ақпан айында Ресейден Түркия порттарына жеткізілген Urals сұрыпты мұнайы 0,42 млн тоннаға дейін түсіп кетті, ал қаңтардағы ауқымы 1,56 млн тонна болып еді. Reuters агенттінің жазуынша, бұл 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш болып отыр.
Түріктің аса ірі мұнай өңдеуші Tupras компаниясы санкциялық шектеулерді сақтауды талап етіп, бұған мұнайдың баррелі бағасының шарықтау шегін $60-дан асырмауды қоса отырып, Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатты.
Түрік мұнай өңдеу зауыттары өнімді Африкадан сатып алуды арттыра отырып, балама жеткізушілерге бет бұрды. Ақпан айында Түркияның Ливия мұнайының импорты 0,36 миллион тоннаға жетті, бұл қаңтардағыдан төрт есе көп, ал Нигерия мұнайының жеткізілімі 0,26 миллион тоннаны құрап, 2020 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілді.
Сарапшылардың бағалауынша, Ресей күнделікті мұнай экспортынан 800 мың баррельге дейін немесе теңіз арқылы тасымалданатын жүктердің шамамен үштен бірін жоғалтуы мүмкін. Бюджет үшін бұл ЖІӨ-нің шамамен 1%-ызға түсуін немесе 2 триллион рубльге жуық шығын келтірілетінін білдіреді, бұл биылғы жылға жоспарланған мұнай және газ кірістерінің 18%-ын құрайды.
Бұған қоса, экономика жыл сайын шамамен 50 миллиард доллар валюталық түсімді жоғалтуы мүмкін, бұл таяу жылдары рубльдің қосымша құнсыздануына әкеледі.
Ресей үшін мұнай экспорты ең маңызды табыс көзі болып табылады. 2023 жылы мұнай мен газдан түсетін кірістер федералды бюджеттің шамамен 40%-ын құрады, ол әлеуметтік бағдарламаларды, зейнетақы төлемдерін және экономиканы қолдауды қаржыландыруды қамтамасыз етті. Экспорттық кірістің төмендеуі үкіметтің азаматтар алдындағы міндеттемелерін орындау және негізгі салаларды қаржыландыру мүмкіндігіне тікелей соққы береді.