Әр сызықтың сұлбасында сыр жатыр (шарждар)
Таныс болыңыздар: ресейлік талантты суретші Денис Лопатин
Аты саяси тақырыпта шарж салумен шыққан ресейлік аса талантты карикатурашы суретші Денис Лопатиннің жұмыстарымен таныстырудың орайы келіп тұр.
Денис Петрович Лопатин 1977 жылы 9 қарашада Беларусь байтағы – Минск қаласында туған.
Ол қазіргі таңда жердің қиыры – Ресей территориясындағы Камчаткада тұрады. Соған қарамастан, Ресейдің және әлемнің саяси дүниесіне өте сәтті салынған карикатуралары арқылы тығыз араласып келеді. Оның кез келген шарж-суреттері өзінен өзі сөйлеп тұрады.
Әлбетте, Ресей билігі талантты суретшінің мұндай тақырыбын оншалықты бір құштарлықпен қабылдай қоймайды. Сондықтан оның жеке көрмесі ұйымдастырылып тұруына барынша кедергі келтіріп бағады. Соңғы рет қыл қалам шебері Петропавловск-Камчатскіде 2005 жылы сондай талап жасаған екен, жергілікті губернатор бұған тыйым салыпты. Осы шарждары үшін төрт рет сот алдында жауап беріп, өзін өзі қорғап шықты.
Жалпы, Денис Лопатиннің коллекциясында мыңнан аса осындай туындылар бар. Олардың ішінде Ресей президенті Владимир Путин ерекше орын алады.
Біз бүгін оның әртүрлі стильде салынған бірнеше шаржын іріктеп алып жариялап отырмыз.
Жоғарыдағы бірінші шарж «Қолтырауын» деп аталады. Онда кімнің бейнеленгені білініп тұрған шығар.
«Сарышаян»
«Владимир Жириновский»
«Сочи конференциясы»
«Александр Лукашенко»
«Жерар Депардье»
«Дзержинский»
«Барак Обама»
«Кондолиза Райз»
«Роман Абрамович пен Борис Березовский»
«Шефтің қолы бос емес»
Суреттер итернеттегі ашық мәнбелерден алынды.