Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Капитолийге басып кіргендер Қазақстан туын да ұстап жүрді

ВАШИНГТОН. 8 қаңтар. АҚШ байтағындағы Капитолийге шабуыл жасаушылар қолдарында Қазақстаның жалауы да болған. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Вашигтонда Дональд Трампты жақтаушылар Конгресс орналасқан Капитолийге басып кірді. Казнет желісін пайаланушылар сол кезде шабуылшылар қолдарында АҚШ-тың және тағы басқа бірқатар елдердің жалауларымен бірге Қазақстанның да туы болғаны байқап қалды.

 

«6 қаңтар күні республиканшылардың жақтастары Капитолий ғимаратына басып кіріп, сенат залын қоршап алды. Сол кезде жүріп жатқан отырыс тоқтап қалды. Онда президент сайлауында Джо Байденнің жеңіске жеткенін айқындайтын қорытынды жасалып жатыр еді.. Қарсылық қозғалысы кезінде 5 адам қаза тауып, 70 қатысушы қамауға алынды», – делінген хабарламады.

Капитолийдегі жағдайды тәртіпке келтіру үшін мұнда АҚШ Ұлттық гвардиясы жіберілді. Вашингтондағы ахуалды бақылап отырған қазақстандықтар қарсылық қозғалысына қатысушылар қолдарында өз елдерінің жалаулары да жүргенін көріп қалды.

«АҚШ Конгресіне шабуыл кезіндегі Қазақстан жалауы – қолдан жапсыра салынған көрініс емес» деп атап көрсетті «Строгий агашка» телеграм-арнасында.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button