Трамп жақын арада билікті Байденге өткізетінін мәлімдеді
ВАШИНГТОН. 8 қаңтар. АҚШ-тың іс басындағы президенті Дональд Трамп жақын арада билікті Джозеф Байденге өткізуге күш салатынын мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Алайда, Дональд Трамп өзінің болашақта саяси науқанын жалғастыра беретінін айтты.
Америка лидерінің бейнеүндеуі оның Twitter-дегі парақшасында жарияланды.
«Конгресс нәтижелерді (сайлау сертификаттады, жаңа әкімшілік 20 қаңтарда жұмысын бастайды. Менің ендігі назарым биліктің ақырын, ұйымдасқан түрде және ешбір залалсыз өткізілуін қамтамасыз ету болып табылады», – делінген хабарламада. Бұған президент «Қазір тек өзара келісім ғана қажет» дегенді қосты.
«Біз қазір ғана өте күрделі сайлау жолынан өтіп келдік, эмоция дүркіреп тұр. Бірақ енді екпінді жасып, сабырлылықты қалпына келтіруіміз керек. Бізге алға қарай жүріп, Американың ісімен айналысу керек», – деді ол. Трамптың айтуынша, оның штабы сайлау қорытындысын қайта қаратып, әділ сайлауды қалпына келтіру үшін бәрін істеген. «Осыны жасай отырып, мен Америка демократиясы үшін күрестім», – дегенді айтты президент.
Трамп өз жақтастарының сайлау қорытындысына көңілдері толмағанын айтып, өзінің саяси науқаны жолында күресе беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол жақтастарының Вашингтондағы Капитолия алаңында, Конгресс ғимараты алдында жасап жатқан тәртіпсіздіктерін сынға алды. Оның барысында көтерілушілер ғимаратқа басып кірген болатын. Ал Конгресс тәртіп бұзғандардың бәрінің жазаға тартылатындарын баяндады.