Нұрсұлтан Назарбаев: Енді маған ештеңе жасырып қажеті жоқ
АСТАНА. 8 қаңтар. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев енді өзіне жасыратын ештеңенің қалмағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Sputnik-Қазақстан» хабарлады.
Бүгін, 8 қаңтар күні «Хабар» телеарнасында, Астана уақытымен 21:45 сағатта «Портретке штрих. Тәуелсіздік» деректі жобаның жалғасы көрсетіледі. Журналист Айгүл Әділованың Елбасы баспасөз қызметі мен қорының көмегіне сүйеніп дайындаған хабарында бұған дейін айтылмаған жеке мәселелер қозғалады деседі.
Бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында осы жайында атап көрсетті. Ол бұл жолы саясатқа қатысты сұрақтардың аздау болатынын жазды.
Хабардың анонсында Назарбаев «тек қана жастар қартаяды, қарттар қартаймайды» деген әзіл айтады. Бұған дейінгі трейлерде ол адамның жасына қарамастан, қалай өзін тың сезуіне болатынын жөніндегі өз құпиясын айтып беруге уәде еткен болатын.
«Сексен жаста өзіңді елудегідей сезінуге болады. Бұл – мүлде бөлек тақырып, оны айтып бере аламын. Енді маған еш нәрсе жасырудың қажеті жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өзінің сөзінде бұрынғы президент жас кезінде ұшқыш немесе теңізші болуды армандағанын келтірді.
Ол сөзінің соңында жиені Айсұлтан туралы сөз қозғап, оған байланысты өкінішін білдірді.
Айсұлтан Рахатұлы Назарбаев 2020 жылғы 16 тамызда Ұлыбритания байтағы – Лондонда кенеттен көз жұмды. Сол кезде оның 30 жасқа толуына небәрі он күн қалған болатын. Артында ұлы мен қызы қалды.