Байсуфинов құрама басшылығына қайта оралды
АСТАНА. 15 желтоқсан. Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болып Талғат Байсуфинов тағайындалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Ол бұған дейін осы қызметті атқарған чех маманы Михал Билекті алмастырды.
Талғат Мәруанұлы Байсуфинов бұдан бұрын республика құрамасының тізгінін 2016 жылғы 26 наурыздан 2017 жылғы 27 ақпанға дейін ұстап, орнын Александр Бородюкке босатып беруге мәжбүр болған. Бірақ ресейлік маман қатырмады, ол қатарынан 6 матчты ұтылыспен аяқтағаннан кейін орнынан алынды. Ал Байсуфиновтің кезінде терме жамағат 8 матч өткізіп, оның 2-інде жеңіп, 3 ойынды тең аяқтап, 3-уінде жеңіліске ұшыраған болатын. Сөйтіп, 25.00 коэффициентіне ие болды.
Осының алдындағы Билектің коэффициенті 30.00 болды. Ал жалпы құрама тарихында ең жоғары коэффициентті 1992 жылы команданы басқарған Бақтияр Байсейітов алды. Ол 57.14 коэффициентіне жетті. Одан бөлек, Ваит Талғаев пен Вахид Масудов едәуір жоғары деңгейде тұрды.
Талғат Байсуфинов әр жылдары «Есиль-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу» (Ақсу), «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) командаларын жаттықтырды. Мұның алдында Билекке ассистенттік қызмет атқарды.
Осы тұста әйелдер құрамасына да жаңа жаттықтырушы келді. Ол – болгар маманы Калоян Петков. Бұл жаттықтырушы да бұған дейін 2012-2016 жылдары құрамы тізгінін ұстаған. Негізінен осы жылдардың бәрінде Шымкенттің «БИИК-Қазығұрт» командасын жаттықтырып келе жатыр.
Сол сияқты Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына Қайрат Нұрдәулетов бас жаттықтырушы болып бекітілді.