23 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі футболшы, жаттықтырушы Серік Бердалин қайтыс болды

16 Қараша 2025 18:11
- Жаңалықтар, Сайыс
Белгілі футболшы, жаттықтырушы Серік Бердалин қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚАРАҒАНДЫ. 16 қараша. Белгілі футболшы, жаттықтырушы Серік Бердалин 79-ға қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Қарағанды «Шахтері» баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін, 16 қараша күні Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан спортына еңбегі сіңген қайраткер, республиканың 1995 жылғы үздік жаттықтырушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, Қарағандының «Шахтер», Теміртаудың «Металлург» («Строитель») командаларының бұрынғы ойыншысы Серік Бердалиннің ұзаққа созылған науқастан кейін жантәсілім еткені белгілі болды.

Серік Сәрсенбайұлы Бердалин 1947 жылы 6 шілдеде Қарағанды қаласында туған. Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Футболмен 12 жасынан бастап жаттықтырушы Андрей Гумировтың қарауында кеншілер командасының мектебінде айналыса бастаған. Әуелгіде шабуылшы, кейін қорғаушы амплуасында ойнады.

Ол 1965 жылдан Қарағандының «Шахтер» командасының қосалқы құрамына алынды. 1966 жылы команда сапында «А» класында 3 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 1967-1970 жылдары «Б» класында ойнайтын Теміртаудың «Металлург» («Строитель») командасы құрамында өнер көрсетіп, 25 голдың авторы атанды. 1973 жылы «Шахтерге»  оралып, 1975 жылы мансабын аяқтағанға дейін 92 рет қорғаушы рөлінде алаңға шығып, 3 гол соқты. Осы жылдары команда сапында үздік өнер көрсеткен 4 қазақ жігітінің де есімдері «Серік» болып еді. Олар КСРО спорт шебері Серік Әшірбеков, Серік Ысқақов, Серік Көсембаев және Серік Бердалин болатын.

Серік Сәрсенбайұлы футболшылық өмір жолын тәмамдағаннан кейін, 1976-1980 жылдары «Шахтердің» дайындық тобының аға жаттықтырушысы, 1980-1985 жылдары «Шахтер» клубының бастығы, 1985-1990 жылдары Қарағандыдағы №3 спорт интерната аға жаттықтырушы, 1990-1997 жылдары «Шахтер» клубының президенті, соның ішінде 1991, 1992-1993, 1995-1996, 2000 жылдары команданың бас жаттықтырушысы, 1998 жылы Павлодардың «Ертіс» командасының бас жаттықтырушысы, 2000 жылдың маусым айына дейін Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы, 2000-2003 жылдары Көкшетаудың «Есіл» командасының аға жаттықтырушысы, 2003-2008 жылдары республикалық мемлекеттік жаттықтырушы, 2009 жылы «Шахтердің» оқу-тәрбие жөніндегі жаттықтырушысы болды.

Бердалиннің қарауында «Шахтер» 1995 жылы, «Ертіс» 1998 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол 1995-1996 жылдары «Шахтер» командасымен бірге Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін қоса атқарды. Оның тұсында республика терме жамағаты 20 ойын өткізіп, оның 6-ында ұтты, 10 рет жеңілді, 4 матчты тең аяқтады.

Бүгін, міне,  қазақ футболын дамытуға елеулі үлес қосқан ардагер арамыздан кетіп бара жатыр. Біз марқұмның отбасына, жұбайы Ларисаға, ұлдары Тимур мен Даниярға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Бақұл бол, ардақты аға!

Марқұмды жерлеу рәсімі 18 қараша, сейсенбі күні өтеді

Таңбалар: қазаСерік БердалинфутболШахтёр

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist