Қайырымдылық үйінде 11 адам тірідей жанып кетті
ӨФӨ. 15 желтоқсан. Бүгін түнде Башқұртстанның Әбзелі ауданында 11 адамның өмірін жұлып кеткен ірі өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы UFA1.RU хабарлады.
Оқиға аталмыш ауданның Ишбулды ауылында орналасқан қайырымдылық үйінде – «Ахай» атты жергілікті пансионатта болған.
Қайғылы оқиға тіркелген жерге таңертең Башқұртстан басшысы Радий Хабиров келді.
Қазір болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары басталып кетті.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ұйықтап жатқандар арасынан 11 адам төсегінен тұра алмай қалған. Олар түгел жанып кеткен. Іштерінде 7 ер бала, 4 қыз бала бар.
Тағы 3 ер бала, 1 қызметші әйел аман қалған. Қызметшінің айтуынша, бұлар өрт басталғаннан кейін терезеден сыртқа шығып үлгерген. Осы аман шыққандардың бірі ауруханаға жатқызылған.