Кадыров Шешенстан тұрғындарына 100 мың рубльден таратады
ГРОЗНЫЙ. 28 тамыз. Ресей Федерациясындағы Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров республиканың әрбір тұрғынына 100 мың рубльден таратып беретін болып отыр. Бұл туралы URA.RU хабарлады.
«Шешенстан билігі республика тұрғындарына бір мәртелік ретпен 100 мың рубльден ақша беруге шешім қабылдады. Ахмат-Хаджи Кадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Мұхаммед пайғамбардың құрметіне қазанның 28-нен 29-на қараған түні туған балалар мен олардың отбасы мүшелеріне немесе жақын-жуықтарына ақша төлейді», – делінген хабарламада.
Қайырымдылық акциясы пайғамбардың туған күніне орай өткізілмекші. «Аталмыш акция шеңберінде Шешен Республикасында бүгін түнгі сағат 12-ден ертеңгі 12-ге дейін өмірге келген, біздің сүйікті пайғамбарымыздың атын алған балалардың бәрі, олардың отбасы мүшелері, қадірменді әйелдері мен жақын жақтастары 100 мың рубльден алады», – деді ТАСС тілшісіне Шешенстан басшысының көмекшісі, ақпарат және баспасөз министрі Ахмед Дудаев.
Ол мұндай акцияның жылда өтіп келе жатқанын, бірақ бұрын ақшаны тек жаңа туған сәбилер ғана алып келгенін еске салды. Ал қазір осы күні туған және пайғамбардың атын алған адамдардың бәрі осындай сыйлыққа ие болмақшы.
Бұдан алдын Рамзан Кадыров Франция президенті Эммануэль Макронның мұсылман дінінде тыйым салынғанына қарамастан, өз елінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салудан бас тарту болмайтыны туралы мәлімдемесіне өте қатқыл жауап берген. Бұған Кремльдің өкілі Дмитрий Песков РФ-ның сыртқы саясатымен өңірлер басшылары емес, тек президент қана айналысатынын еске салған. Сонда Кадыров Макронның тарапына айтып отырған сынының мәнін түсіндірді.