ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Шешенстанда билік үшін күрес күн санап қарқын алып келеді

ГРОЗНЫЙ. 14 қаңтар. Ресейдің Шешенстан республикасында билік үшін күрес қызу жүріп жатыр, Кадыровтың денсаулығы өте нашар. Бұл туралы The Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Батыс бұқаралық ақпарат құралдары шешен лидері Рамзан Ахматұлы Кадыровтың ауыр науқас екенін атап өтіп, таяу арада республикада билік үшін күрестің қатты қарқын алып кеткелі тұрғанын жазып жатыр.

The Times газетінің баяндауынша, жергілікті диктатор Рамзан Кадыровтың денсаулығының нашарлығы туралы хабарламалардың қалқасында мұндағы биліктің мұрагері кім болатыныны байланысты тартыс бірте-бірте күшейіп келеді.

Батыс сарапшылары бұл жағдай тек республиканың өзі үшін ғана емес, сонымен қатар Кремль үшін де күрделі мәселе тудыруы мүмкін екеніне назар аударады. Мұның өзі Ресей элитасының ішінде алауыздық тудыруы ғажап емес, ал Шешенстандағы билік үшін күрес өте қатқыл да аяусыз жүретін болса керек.

2007 жылдан бері билікте келе жатқан және өзін Ресей президенті Владимир Путиннің «жаяу әскері» деп атайтын 49 жастағы Шешенстан басшысы соңғы күндері көпшілік алдында сирек көрініп жүр. Басылымның мәліметінше, Кадыров жедел ұйқы безінің некрозымен және бүйрек проблемаларымен ауырады. Қазір оның кеселі күшейіп, ахуалы күрт нашарлаған, сондықтан Шешенстандағы жеке клиникада диализ алып жатыр.

Қадыров соңғы рет бір аптадан астам уақыт бұрын шаршаған және таяқпен жүрген күйінде көрінді. Өткен аптада ол Мәскеуде Путиннің төрағалығымен өтетін Мемлекеттік кеңестің отырысына қатысуы керек еді, бірақ ауруханаға жатып қалып, бара алмады. Ол сондай-ақ Кремльдің ресми фотосуреттерінде көрінбеді.

The Times газетінің хабарлауынша, Кадыров өзінің ұлдарының бірін мұрагерлікке дайындап жатыр деген болжам бар. Мәскеу Шешенстандағы басшылықтың ауысуы тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін екенін түсінеді, сондықтан Ресей республикаға барынша қатаң бақылау орнатуға тырысады.

Мұрагерлік сауалнамасы отбасының қауіпсіздігіне мүдделі Кадыровтың өзі үшін де өте маңызды. Басылымның мәліметі бойынша, оның шамамен 100 туысы Шешенстан әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарды атқарады, бұл – Ресейдегі ең жоғары көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде айта кетейік, ресейлік журналистердің жазуынша, Владимир Путиннің 26 туысы қазір үкіметтік лауазымдарда қызмет атқарып жүр. Мұндай жағдайда Шешенстандағы кез келген билік ауысуы Кремль үшін өте шетін мәселеге айналады.

Рамзан Кадыров биылғы 6 қаңтарда өзінің 20 жасар ұлы Ахмат Кадыровты үкімет басшысының орынбасары етіп тағайындады. Ол өзінің спорт министрі деген қызметін қоса атқара береді.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button