КИЕВ. 1 қыркүйек. Украина Қауіпсіздік қызметі Ресейдегі Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың әскери қылмыстарының жаңа айғақтатын жариялады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қауіпсіздік қызметі шешен лидері Рамзан Қадыровқа сырттай күдік жариялады. Оған украин әскерлеріне қарсы әскери қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.
1 қыркүйекте арнайы қызмет бұған қатысты ресми мәлімдеме жариялады. Ресей насихатшыларымен сөйлескен Қадыров қарамағындағыларға украин сарбаздарын тұтқынға алмай, дәл ұрыс даласында атып тастауға бұйрық бергенін ашық айтты. Бұл пәрмен Ресей басқыншылары жағында Украинаға қарсы соғысып жатқан шешен құрамаларының командирлеріне арналды.
Бұған қоса, Қадыров көпшілік алдында украин тұтқындарын «адам қалқан» ретінде пайдалануға бұйрық берді. Осы мақсатта ол тұтқынға алынған әскери қызметкерлерді украиналық ұшқышсыз ұшақтардың соққысынан қорғау үшін Грозныйдағы әскери нысандардың шатырларына орналастыруды бұйырды.
Мұндай әрекеттер халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын өрескел бұзады. Олар Халықаралық қылмыстық соттың Рүм статутында бекітілген соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарына қайшы келеді.
Украина Қауіпсіздік қызметінің тергеушілері осы жиналған материалдар негізінде Қадыровқа Украина Қылмыстық кодексі 438-бабының 1-бөлігі – «әскери қылмыстар» бойынша күдік тудырғаны туралы сырттай хабарлады.
Бұған дейін, 2022 жылдың тамызында, Украина тергеуі Қадыровтың әрекетін агрессивті соғысты дайындау және жүргізу, оны негіздеу, сондай-ақ Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғу деп бағалаған болатын.
Қауіпсіздік қызметі Рамзан Қадыровты Украина мен оның азаматтарына қарсы қылмыстары үшін жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді шараларды жалғастырып жатқанын атап өтті. Тергеу Бас прокуратураның процессуалдық басшылығымен жүргізілуде.
USD




