«Charlie Hebdo» журналы Ердоғанның карикатурасын салды
ПАРИЖ. 28 қазан. Француздың «Charlie Hebdo» сатиралық журналының жаңа санының мұқабасында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның карикатурасы жарияланды. Бұл туралы «360tv.ru» хабарлады.
Шарж суретшісі оны өзінің Twitter-дегі парақшасын шығарды. Таяуда ғана осылайша басылымға шыққан Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын сабақта мысал етіп алғаны үшін басы кесіліп кеткен мұғалім қазасының айқай-шуынан кейін тағы осындай оспадар қадамға барып отырған журнал редакциясының арсыздығын қалай бағалауға болады!
Түркия президенті мультфильмде бір қолына ашық ыдыс ұстап, орындықта отыр. Екінші қолымен қызметші әйелдің көйлегін көтеріп тұр. «Ердоған жеке өмірінде өте көңілді», – деп жазылған карикатура үстіне.
Журналдың бұл саны 28 қазан, сәрсенбі күні сатылымға шығарылды.
Осы оқиғаға байланысты Түркия тарапы қажетті шаралардың барлығын қабылдайтынын мәлімдеді. Анкара бас прокуратурасы «Charlie Hebdo» журналына қатысты қылмыстық іс қозғады. Онда қылмыстық істің журнал қызметкерлеріне қатысты қозғалғаны айтылған.
Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия карикатураның жариялануына байланысты заң және дипломатия тұрғысынан шаралар қолданбақшы. Түркия президенті әкімшілігінің байланыс жөніндегі басқармасы да осындай позиция білдірді.