Коротченко: Арменияны үлкен саяси өзгерістер күтіп тұр
МӘСКЕУ. 23 қазан. Таулы Қарабақтағы соғыстағы сәтсіздіктерге байланысты жуық арада Армения басшылығында көп өзгерістер орын алады. Бұл туралы бірқатар сарапшылардың пікіріне сүйенген rast.kz хабарлады.
Ресейдің «Национальная оборона» журналының бас редакторы Игорь Коротченко өзінің Twitter-дегі парақшасында осындай тұжырым жасады.
«Арменияда үлкен саяси өзгерістер болады. Ресей болып жатқан оқиғаларды бейжай бақылап тұрмауы керек. Бізге Ресейге жақын Армения қажет және Ереванда Ресейге жақын үкімет болуы қажет. Соростың балапандары құрысын!», – деп атап көрсетті Игорь Юрьевич.
Бұған Армения үкіметінің басшысы Никол Пашиняннның бұл соғысқа Ресейде тарту жөніндегі жымысқы әрекетінің жүзеге аспайтыны негізгі себеп болғалы тұр. Ресей армиясының мұндай арандатушылыққа бармайтынын кеше Ресей президенті Владимир Путин ашып айтты. Ол Ресей үшін Армения мен Әзербайжанның бірдей әріптес екенін ашық білдірді. Христиан ретінде армян жақын болғанымен, әріптес ретінде Әзербайжан да қашық емес, деді президент.
«Путиннің Қарабақ туралы бүгінгі сөзі Ереванның ықпалымен жаңа османизмнің пайда болғаны жайында кернейлетіп, Пашинянды құтқарып қалу үшін Кремльді Қарабаққа Ресей армиясын кіргізуге шақырып жүрген агенттердің бәріне ауыр соққы болып тиді», – деп осыған орай саяси сарапшы.
Кеше Ресей мемлекеттік думасының өкілдері де Ресей қарулы күштерінің Таулы Қарабаққа баруды жоспарлап отырмағанын мәлімдеді. Оны Мемлекеттік дума қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Андрей Красов баяндады.
«Бүгін мемлекеттік дума Қарабақтағы оқиғаларға РФ-ның әскери жолмен араласпайтынын мәлімдеді, бұл – нышанды сөз. Мен қақтығыстың басында-ақ біз Пашинянның соростық режимін орыс солдатының өмірімен сақтап қалуға тиіс емес екенімізді айтқанмын. Мұны Ресей мемлекетін тағы айғақтап берді», – деп ойын тиянақтады сосын Игорь Коротченко.