25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армян вандализмі

Келбаджардағы бүлдіргі әрекеттер әлемді таңғалдырып отыр

26 Қараша 2020 16:39
- Көзқарас
Демократия деген даңғазалыққа дәлел емес
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Біз бұған дейін жекелеген жастардың, белгілі бір топтардың бұрыннан тұрған әлдеқандай бір қастерлі нысандарды, қасиетті орындарды қиратып жататын оқиғаларын оқта-текте естіп қалатынбыз. Ал тұтас бір ұлттың, тұтас бір өңір тұрғындарының мұндай вандализмге барғанын бір соңғы күндері Таулы Қарабақтан үдере көшіп жатқан армян жұртынан көріп, қайран қалғаннан жағамызды ұстап отырмыз.

Осы ретте біздің жадымызға осы аймақтан басқыншы армян әскерлерінің тықсыра қууымен кетуге мәжбүр болған әзербайжан қардаштар еріксіз оралар еді. Ол кезде өздерінің ғасылар бойғы құтты қонысы болған ата-бабаларының жерін амалсыз тастап шыққан әзерилер бір нәрсені қиратып кетпек тұрмақ, киім-кешектерінің өзін түгендеп алып кете алмай, сыбай-салтаң бас сауғалап қашқан-тын. Армяндар онда қазіргі әзербайжан армиясы секілді көшу үшін белгілі бір уақытқа мұрсат та бере қойған жоқ, жедел арада кете алмағандарын тіпті тапа-тал түсте атып тастап та жатты…

Біз, міне, екі түрлі халықтың бір мәселеге екі түрлі көзқараспен, екі түрлі пиғылмен қарайтынының нағыз көрнекі құралын көріп отырғандай әсерде жүрміз. Өздеріне соншалықты қарасып, білдірген уәждеріне қарай кеңшілік беріп тұрған әзербайжандарға енді армяндар қалай және қандай алғыс айтып жатыр? Олардың алғыстарының түрі сол, өздері отыз жылға жуық уақыт тұрған бұрынғы әзербайжан отбасыларының шаңырақтарына жаппай от қойып, бұған қоса, қора-қопсылары мен тауық кепелеріне дейін жалынға орап, сонымен бірге маңайдағы ит тұмсығы батпайтын қалың ормандарға шала тастап кетуде. Соның салдарынан жанып жатқан ну тоғайлардан ұшқан түтін айналадағы ауаны бүлдіріп, экологиялық проблемалар туғыза бастады.

Мұндай көрбақтыққа кімдер барады? Кімдер өзі отыз жыл отырған, балалары өмірге келіп, есейген отандарын өзі кетерінде бұзып кетеді? Құс екеш құстың өзі мұны жасамайды ғой. Ал бұлар: «Үйлеріміз түріктерге (әзербайжан дегені) бұйырғанша, қирап қалсын» деуден жалығар емес. Мұны олардың үлкені де, кішісі де экран алдында айтып бағуда.

Мұны аз десеңіздер, армяндар осындағы электр жарығы келетін бағандарды да, оларға ток беретін подстанцияларды да қиратып кеткен. Мұның арғы жағында Худаванг атты ежелгі албан ғибадат үйі кешенінің тас-талқанын шығарып, ішіндегі қоңырауына дейін әкеткен. Бұдан бөлек, бірқатар храмдарды тонап кеткендері белгілі болып қалды. Негізі, олардың бәрі бір кезде әзербайжандар салған мешіттер еді. 1993 жылы бұл аумақты басып алған армяндар оларды баяғыдан өздерінікі етіп көрсету үшін қабырғаларына өз жазуларын жазып тастаған екен. Бірақ оларды қырып алғанда, арғы жағынан құрылысты салған әзербайжандардың аты-жөндері шыға келіпті…

Біз мұның мысалын бұрын ешқашан Таулы Қарабақ автономиялы облысының қарауында болмаған, тек 90-шы жылдардың басында Ресейдің қолдауына сүйенген армян қарулы күштерінің осы аймақпен шекаралас жатқан басып алған тағы 7 ауданның қатарындағы Келбаджардан армян әскерлері мен тұрғындардың кетулері барысынан көріп отырмыз. Армения жасақтары бұл аудан жерін 1993 жылғы 2 сәуірде басып алған еді. Оккупацияға дейін мұнда 60 мыңнан астам әзербайжан тұрыпты. Ал қазір солардың біреуі де қалмаған. Бәрін армяндар өз жерлерінен қуып шыққан. Сөйтіп, сырттан 3 мың армянды көшіріп әкелген.

Қазіргі күндері бұл жердің байырғы егелері – әзербайжандар атамекендеріне қайтып орала бастады. Бұдан бөлек, Түркияда тұратын түрікмендердің де бірқанша отбасылары осында қоныс аударады деген сөз шығуда. Ол да мүмкін. Енді олардың бәріне мұндай үйлерді қайта салып алуға тура келеді. Дегенмен, мұның да берекесін берсін. Ең бастысы, басқыншылар да, олармен бірге келген өктем жұрт та кетіп жатыр.Амандық болса, Әзербайжан билігі отыз жыл бойы дамымай қалған бұл аудандарда үлкен құрылыстар жүргізуді қолға алғалы жатыр.

Ал осы жолғы армян вандализмін қазіргі таңда бүкіл әлемнің иманды жандары айыптау үстінде. Франция президенті бастаған біршама қауым болмаса, енді армяндардың қолтығына су бүркіп жүрген ешкім жоқ. Тіпті Владимир Путиннің өзі Таулы Қарабақ пен оған жапсарлас жаңағы жеті ауданның Әзербайжанға тиесілі екенін соңғы күндері бірнеше ет қадап айтты. Осының өзі хай жұртына сабақ болуы керек еді. Бірақ олай бола қоймады…

Мына соғыс шынында кімнің кім екенін, қай халықтың жүрегінде иман барын, кімде жоқ екенін анық көрсетіп берді.

Ержан УӘЙІС,

саясаттанушы

 

Таңбалар: армяндарержан уәйісТаулы Қарабақ

Ұқсас мақалалар

Симоньян 700 мың армянға Ресейге кіруге өмір бойы тыйым салуды ұсынды
Әлеумет

Симоньян 700 мың армянға Ресейге кіруге өмір бойы тыйым салуды ұсынды

27.06.2026
Пашинян армяндарды Таулы Қарабақтың атын ұмытуға шақырды
Жаһан

Пашинян армяндарды Таулы Қарабақтың атын ұмытуға шақырды

19.05.2026
Ресейде заңсыз тұрып жатқан армяндар елден шығарылады (видео)
Дәулет

Ресейде заңсыз тұрып жатқан армяндар елден шығарылады (видео)

01.05.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist