Грузия Әзербайжанды қолдап, Арменияға баратын жолдарды жапты
БАКЫ. 23 қазан. Әзербайжан Милли меджлисінің депутаты Хикмет Мәмедов Таулы Қарабақтағы қақтығыста Грузияның әзерилер жағында екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Report» порталы хабарлады.
Меджлистің Әзербайжан – Грузия парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобының мүшесі аталмыш сайт тілшісіне берген сұхбатында әзербайжан-грузин қарым-қатынасының қашаннан бері келе жатқан екі халықтың ұлттық мүдделеріне байланысты қалыптасқанын және мұның екі ел үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты.
Милли Меджлистің депутаты, Әзірбайжан-Грузия парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Хикмет Мамедов Грузияның Таулы Қарабақ қақтығысында Әзербайжанға қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
«Әзербайжанның өз жерінің территориялық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі соңғы қадамдарын қолдаған алғашқы елдердің бірі Грузия болғаны кездейсоқ емес. Грузия Арменияға қару-жарақ жеткізетін елдер үшін әуе және құрлық дәліздерін жауып тастады. Бұл – дос пен көршінің нақты ұстанымы», – деді депутат.
Ол екі көрші елдің халықаралық және өңірлік ұйымдарда әрқашан бір-бірін қолдап келгенін және бір-бірінің территориялық тұтастығын сөзсіз қолдайтынын еске салды.