Лукашенко: Әлиевке $6 млрд беріп, 7 ауданды алып қалмадың ба?
ЕРЕВАН. 8 желтоқсан. Әлеуметтік желіде Лукашенконың Саргсянға «Әлиев пара беріп, Қарабақ маңындағы 7 ауданды неге алып қалмағанын» сұраған әңгімесі тарап жатыр. Бұл туралы News.am хабарлады.
«Bagramyan26 Лукашенко мен Саргсянның «Әлиевке $6 млрд бер, 7 ауданнан бас тартсын» десіп отырған әңгімесін жариялады», – делінген хабарламада.
Ақпарда «Bagramyan26» телеграм-арнасының құзырына Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян мен Беларусь президенті Александр Лукашенконың Таулы Қарабақ мәселесін талқыласып отырған жазбасы келіп түскені айтылады.
Әңгіме барысында Лукашенко Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Саргсянға Қарабақтың 7 ауданы үшін 5 млрд ұсынғанын растайды.
«Лукашенко: Сен оған бұл аудандарды (Қарабақ) бер, ол (Әлиев) саған ақы төлейді, саған бұған дейін бірінші кезең үшін 5 миллиард ұсынды ғой.
Серж Саргсян: Ал мен оған 6 миллиард беремін. Ол 7 ауданнан бас тартсын».
Осыған байланысты «Bagramyan26» телеграм-арнасы үшінші президенттің офисіне хабарласып, мына әңгіменің қаншалықты шынайы екенін сұраған. Бірақ әзірге жауап ала алмаған.