Армения Таулы Қарабақтағы соғыста жеңілетінін сезінді
АНКАРА. 22 қазан. Армения өзінің Таулы Қарабақтағы соғыста жеңіске жете алмайтынын енді анық сезіне бастады. Бұл туралы түріктің «Сабах» газеті жазды.
Басылым армян жағының 10 қазанда атысты тоқтату жөнінде Әзербайжан тарапымен өзі келісім келіп алып, бітімнің басталған уақытында түнгі Гәнжа қаласын баллистикалық ракетамен атқылағанын қатты сынға алды. Бұған жауап ретінде Әзербайжан әскерлері өзінің елді мекендерін қорғауға кірісті.
«Армяндар ұрыс даласында ауыр шығындарға ұшырап жатқандықтан, соғыстың екінші кезеңіне көшіп, бейбіт қалалар мен ауылдарды атқылауға тырысуда. Бірақ Арменияның жағдайы аумалы-төкпелі – қарулы күштердің шайқасында ол жүздеген жауынгерлерінен айырылды», – делінген газет мақаласында.
«Бұдан бөлек, барлық майдан шептерінде қым-қиғаш жеңіліске ұшырап жатқандықтан, армян әскери басшыларының әскери бөлімдерді тастап кетіп қалғандары туралы да ақпар келіп түсуде. Осы уақытта әзербайжан әскерилері басқыншылар қолындағы елді мекендерді біртіндеп азат етіп жатыр. Әзербайжан ресми тұлғаларының айтуларынша, қазірге дейін сондай 78 қала мен село жаудан босатылған», – деп мәлімдейді басылым бұдан әрі.
Газеттің жазуынша, қазір екі жақ үшін де шешуші сәт келіп отыр. Армения бірінші рет өзінің басымшылығын жоғалтып алса, Әзербайжан керісінше өз жерлерін азат етіп, өзін сенімді сезіне бастаған. Тығырықтан шығудың жолы ретінде Армения енді азаматтық нысандарды атқылауға кірісті. Қазіргі сәтте осындай шабуылдан 60 бейбіт тұрғын қаза тауып, 270 адам жарақат алған. Сол сияқты армяндардың атқылауы кезінде 1700 құрылыс, 90 тұрғын үй және 327 азаматтық нысан бүліншілікке ұшыраған.