АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Атырау облысында індетке қарсы дәрі-дәрмектер таусылды

АТЫРАУ. 22 қазан. Атыраудағы «СК-Фармация» қоймасында COVID -19-бен күресуге қажетті дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдары болмай шықты. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады.

Мұны Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған арнайы мониторинг анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, тексеру кезінде компания қоймасында дәрі-дәрмек қоры болмаған. «СК-Фармация» менеджері мұны дәрі-дәрмектердің көрші Ақтөбе облысында сақталады, ал қоймадағы қолда бар қор медициналық мекемелерге бөлінді деп түсіндірген.

Тексеру кезінде №3 емханада медициналық тұмылдырық болмаған. Жауапты медицина қызметкері оларды тексерушілер келер алдында түгесіліп қалды деп ақталған. 5000-ға жуық тұрғынға қызмет көрсететін емхана қоймасында кейбір дәрі-дәрмектер жетіспейді. Мысалы, «Ксарелто» және «Дексаметазон» таблеткаларының екі айға жететін 5000 пакетінің орнына небәрі 10 пакет болған.

Естеріңізге сала кетсек, жақында денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхан Байдуалиев Атырау облысында коронавирустың екінші толқынымен күресуге арналған дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры бар деп мәлімдеген болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button