Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Башқұртстан тұрғыны лотереядан 132 млн рубль ұтты

ӨФӨ. 19 қазан. Башкортостан астанасы тұрғынының демалыс күндері лотерея ойынынан 132 млн рубль ұтқаны белгілі болды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Ресейдегі аса ірі «Столото» лотерея таратушы мекемесі өткен жексенбі күні 132 миллион рубль ұтқан адамды іздестіріп жатыр», – делінген хабарламада.

«Қазан айы Башкортостан Республикасының тұрғындары үшін адам сенгісіз сәтті болып шықты. Айдың басынан бері аймақта мемлекеттік лотерея супер сыйлығына үш адам ие болды. Соңғысы жексенбі, 18 қазан күні «49-дан 7» атты «Гослотоның» 11530-шы тиражында 132 370 192 рубль ұтты», – деп мәлімдеді «Столото» мекемесінің қызметкері.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button