ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Лотерея жеңімпазы 30 млн доллар ұтысын алуға келмей қалды

САН-ПАУЛУ. 2 сәуір. Бразилияда жаңажылдық Mega da Virada лотереясында жеңімпаз атанған кісі ұтысын алу үшін банкке уақтылы келмегені үшін 28,5 млн доллар ақшадан қағылды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Бразилияның Globo телеарнасының хабарлауынша, жыл басында үлкен ұтысқа ие болған кісі оны алу үшін Caixa Economica Federal банкі филиалына келуге тиіс болған. Оның мерзімі 1 сәуір күні біткен. Осыған дейін жеңімпаз мұнда келмеген.

Телеарнаның мәліметі бойынша, мұндай жағдай лотерея ойналғалы бергі ұзақ жылдардың ішінде бірінші рет тіркелген. Бұған дейін бұлайша ұтысты «ұмытып» кеткен адам болмаған.

Дерек ұтыс билеті Сан-Паулу қаласында сатылғанын білдіріп отыр. Конкурстың ережесі бойынша, жеңімпаз кесімді мерзім ішінде ұтысты алуға келмейтін болса, оның қаржысы жоғары білім беру қорын қаржыландыруға жіберіледі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button