Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Манчестер Сити» Мессиді 15 млн фунтқа алғысы келеді

МАНЧЕСТЕР. 19 қазан. Англияның «Манчестер Сити» клубы 15 млн фунт стерлингке атақты футболшы Лионель Мессиді сатып алғысы келіп отыр. Бұл туралы Daili Star хабарлады.

«Манчестер Ситидің» басшылығы «Барселона» командасының форварды Лионель Мессиді алғысы бар», – делінген хабарламада.

«Қалалықтар» алдағы қыста ойыншы үшін 15 млн фунт стерлинг ұсынуды жоспарлапты.

Еске сала кетейік, осы футбол маусымының соңында 33 жастағы аргентиналықтың «блаугранаспен» келісімшартының мерзімі аяқталады. Шабуылшымен контракт 2020/21 жылдарғы маусымның соңына, яғни алдағы жылдың көктеміне дейін жасалған. Сондықтан ол осы қыстың ішінде-ақ басқа клубтармен келіссөз жүргізіп, жазда тегін кете алады.

Осыған байланысты «Барселонаға» енді Мессиді қыста жіберіп, трансфер үшін тым болмағанда, £15 млн алып қалған тиімді болып шығар еді.

Мессиге сондай-ақ француздың «Пари Сен-Жермені» де қызығушылық танытып отырған көрінеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button