Арменияның өзі шеттен содырлар әкелген болып шықты
ЕКАТЕРИНБУРГ. 19 қазан. Бұған дейін Әзербайжанды ұрыс қимылдарына шетелдік содырлар қатыстырып жатыр деп айыптаған Арменияның өзі сондай әрекет жасап жүр екен. Бұл туралы Ura.ru хабарлады.
Ресейдің Владимир облысы жиналысының депутаты, саясаттанушы Максим Шевченко портал тілшісіне берген сұхбатында осындай тұжырым білдірді. «Әзербайжанның Таулы Қарабақта шетелдік содырларды пайдаланып жүргені туралы ақпар негізсіз. Бұл тұста армян тарапының антитүріктік коалиция жасау үшін өзге елдер еріктілерінің көмегіне жүгінгені шындық», – деді ол.
«Мен сіздер арқылы барлық журналистерге тіл қатамын. Мұның [шетел содырларын пайдалану] Бакыға неге керек? Үлкен ақша қоры бар, қазіргі заманғы қаруы бар, НАТО стандарттары бойынша құрылған армиясы бар заманауи мемлекетке олардың керегі не? Бұған ешкім де жауап бере алмайды, себебі, Әзербайжанға олардың түкке керегі жоқ», – деп мәлімдеді Шевченко.
Ura.ru тілшісіне сұхбат беруші сөзінде керісінше шын мәнінде Арменияның өз кезегінде шетелдік еріктілердің қызметін пайдаланып жүргенін атап өтті. Атап айтқанда, армян жағында күрдтер мен езидтерден тұратын топтар соғысып жатыр. Оның пікірінше, түріктерге қарсы біртұтас майдан құру үшін бұлар Арменияға ауадай қажет.
Бұдан алдын Армения Әзербайжанның Таулы Қарабақта ауған содырларының қызметін пайдаланып жатқанын мәлімдеген болатын. Шевченконың айтуынша, ауғандар өз елдерінің шегінен тыс жерлерде соғысуға мүлде ықтиярлы емес. Олай болса, ауғандардың қарулы қақтығысқа қатысып жатқандары таза өтірік.
Былайынша айтқанда, армяндардікі «қорыққан бұрын жұдырықтайдының» кері.