Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Америка тұрғыны лотереядан 1 млрд долларлық джек-пот ұтты

ОГАСТА. 15 қаңтар. АҚШ-тың Мэн штатында тұратын бір ер кісі лотерея билетінен 1 миллиард 348 миллион доллар джек-пот ұтып алды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.

Қолына бақытты билет ұстаған кісі оны май құю станциясында сатып алған екен.

Mega Millions компаниясынлағылар ер кісінің ұтыс шыққан барлық алты цифрды дәл таба алғанын айтады. Ол 30, 43, 45, 46, 61 және 14 алтын мегабол болып көрінген.

Енді жеңімпаз ұтысын бірден қолма-қол ақша етіп алғысы келсе, оған 723,5 млн доллар беріледі, салық осы қаржыдан төленеді. Болмаса барлық сома бір мөлшерде отыз жыл көлемінде төленіп тұратын болады.

Ойын үш айға созылғаннан кейін, 26-шы талпыныста барып басты жүлде шықты. Мұндай лотереяда жеңу мүмкіндігі «302, 6 миллионға біреу» болып есептелді.

Америкалық джек-поттың рекордты көрсеткіші 2018 жылы тіркелген еді. Ол 1 миллиард 537 миллион долларды құраған болатын. Демек, сол рекорд әлі мызғымай тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button