Тәжікстанда бүгін президент сайлауы болып өтті
ДУШАНБЕ. 11 қазан. Тәжікстанда бүгін болып өткен мемлекет басшысын сайлау сағат 15:00-ге дейін сайлаушылардың 50 пайыздан астамы келуіне байланысты «өттіге» саналып отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Сол уақытта сайлаушылардың 70,7 пайызы дауыс беріп үлгерген. Мұны Орталық сайлау және референдум жөніндегі комиссияның райысы Бахтиер Худоерзадо баяндады. Ол сондай-ақ сайлау өткізудің барлық қажетті шарттарының бәрін орындалғанын атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Тәжікстан территориясында барлығы 3 375 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, 29 елде 39 учаске ашылған.
Комиссия сайлаушылар тізіміне елдің 4,9 млн азаматы тіркелгенін жеткізді. Сайлау барысын бақылауға 145 халықаралық бақылаушы қатысқан.
Сайлауда елдің іс басындағы президенті Эмомали Рахмон, Аграрлық партия өкілі Рустам Латифзода, Экономикалық реформа партиясы ұсынған Рустам Рахматзода және Коммунистік партиядан ұсынылған Миродж Абдуллоев дауысқа түсті.
Сайлаудың алдын ала қорытындысы 12 қазан күні жарияланады. Ал ақырғы мәлімет 10 күннің ішінде белгілі болады.
Сайлауда 50 пайыздан аса дауыс алған үміткер жеңіске жетеді.