Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

«Астана» клубындағы талан-таражды тексеру аяқталып келеді

АСТАНА. 11 қазан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана» кәсіпқой спорт клубы бұрынғы басшылары мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап келеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Әңгіме велоспортты дамытуға бөлінген қаржының талан-таражға түсіп кеткені жайында болып отыр.

«Тараптардың «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы» корпоративті қорының басшылығы мен лауазымды тұлғаларына велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені талан-таражға салуларына қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысулары аяқталып келеді. Танысудан кейін іс айыптау актісімен прокурорға жолданады», – делінген ведомство баспасөз парақшасында.

Әзірге басқа деректер айтылмайды.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы наурызда «Астана» клубының экс-директоры Аманбек Құлшықов пен «Astana Pro Team» қызметкері Ләззат Шәмшиеваның қамауға алынғандары хабарланған болатын.

Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қамалғандардың белгілі бір сызбамен жұмыс істегендері айтылған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button