Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Тәжікстанның 931 азаматы Ресей жағында соғысқа қатысқан

ДУШАНБЕ. 25 сәуір. Тәжікстанның 931 азаматы Украинадағы соғысқа басқыншы Ресей армиясы сапында қатысқаны белгілі болып отыр. Бұл туралы Asia-Plus ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украинаның «Хочу жить» атты жобасы Тәжікстанның 930-дан астам азаматының РФ армиясына жалдамалы болып алынып, украин жеріндегі соғысқа қатысқандарын анықтап шықты. Телеграм-арнасында осы 931 азаматтың тізімі жарияланып, олардың 196-сы қазір қаза тапқандар құрамында екені ашып айтылады.

«Қолдағы бар ақпарға қарағанда, Тәжікстан қазір соғысушы Ресей армиясы құрамына келісімшартпен алынып, оның қатарын толықтыру жөнінде Орталық Азия елдері арасында рекордшы болып табылады. Біздің тізімде 2025 жылдың басындағы мәлімет бойынша олардың саны 931 адам болып тұр», – деп хабарлайды авторлар.

Осы тізімдегілердің 196-сы қазір тірілер санатында жоқ. Украина жерінде кемінде осынша тәжік жер жастанған. Алайда қаза тапқандар саны бұдан екі есе көп болуы да мүмкін.

Қаза тапқандардың ең кішісі 18 жастан 3 ай ғана асқан екен, ал ең кәрісі – 70-те. Бұлардың бірі майдан даласына келгеннен кейін жеті күннен кейін қаза тауыпты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button