Ресейде алты өзбек жеті қытайды тонап, таяққа жықты
НОВОСІБІР. 9 қыркүйек. Ресейдің Новосібір облысында Өзбекстанда туып-өскен алты жігіт Қытайдан келген жеті азаматқа шабуыл жасап, соңы бір адамның өліміне апарып соғатын төбелес бастаған. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, Новосібір облыстық прокуратурасы өзбекстандық азаматтардың үстерінен қарақшылық шабуыл жасады деген айыпппен іс қозғаған. Онда қарақшылық шабуылға қатысқан әрбір азаматқа төбелес кезінде атқарған рөлі мен қызметіне қарай айып тағылмақшы. Қылмыстық істі Новосібір облыстық тергеу комитеті айрықша маңызды істер жөніндегі тергеу басқармасының қызметкерлері қолға алды.
«Өткен жылғы тамыз күндерінің бірінде қиын қаржы жағдайында қалып, кенеттен байып кетуді көксеген қаныпезерлер Искитим ауданындағы жылыжай кешенінде тұрып, жұмыс істеп жүрген ҚХР-дың жеті азаматына қарақшылық шабуыл жасаған. Оларға сол арқылы 400 мың рубль (5,2 мың доллар) ақшаны алып кетудің орайы келген», – деп хабарлады прокуратура өкілі Дмитрий Лямкин.
Тергеу барысында айыпталушылардың бірінің қытайлық азаматтың маңызды органдарына 13 рет пышақ ұрғаны анықталды. Бұдан бұрын тағы екі қарақшы белгісіз біреулермен бірге тағы екі ҚХР азаматына шабуыл жасап, олардағ 1 млн рубульден артық 13,7 мың доллар) ақша алып кеткен екен.
Жоғарыдағы қылмыстық іс таяу күндері қарау үшін Ковосібір облыстық сотына жіберілгелі отыр.