Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Түркияда арақтан уланып қаза тапқан өзбектер саны 17-ге жетті

ЫСТАМБҰЛ. 19 қаңтар. Түркияда Өзбекстанның 17 азаматы қолдан жасалған алкогольдік ішімдікті ішу салдарынан көз жұмды. Бұл туралы kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz  хабарлайды.

Өзбекстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығы құрбан болғандардың бәрі ер кісілер екенін баяндады.

Әдепкі күні осындай күмәнді спиртті ішімдікті ішудің нәтижесінде 14 адамның қаза тапқаны аян болып еді. Бүгін олардың қатарына тағы 3 адам қосылды.

Сонымен бірге 5 азамат аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Консулдық қызметкерлері олардың жағдайын бақылап, зардап шеккендердің туыстарымен, сондай-ақ емдеу мекемелерінің әкімшілігімен байланысып отыр.

Қазір сондай-ақ марқұмдардың мәйітін елге жеткізу үшін құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Кейбір зардап шегушілер емделуге кететін қымбатшылықтан қорқып, үйде емделуді таңдап, медициналық көмекке жүгінбеген. Бас консулдық мұндай әрекеттер ауыр зардаптарға, соның ішінде бүйрек жеткіліксіздігіне, көру қабілетінің бұзылуына және тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Улану белгілерін сезінген отандастарға дереу 112 телефоны бойынша жедел жәрдем шақырып, тегін медициналық көмек көрсетілетін жедел жәрдем қызметінің «қызыл аймағы» арқылы ауруханаларға хабарласу ұсынылады.

Еске сала кетейік, Түркияда жасанды алкогольдік ішімдіктерді жасап, таратты деген күдікпен Түрікменстанның екі азаматы ұсталған болатын.

Осы оқиғаға қатысы бар деп айыпталған олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button