Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Минскіде мұғалімдердің қарсылық акциясы болды
МИНСК. 25 тамыз. Бүгін Минскінің орталығында Александр Лукашенкоға қарсы шыққан мұғалімдердің акциясы басталды. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
«Сейсенбі күндіз Минскінің орталығында Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы шыққан мұғалімдердің қарсылық акциясы басталды. Бұдан бұрын белорус лидері профилді министрліктен мемлекеттің саяси мұратын қолдамайтын педагогтарды мектептен қууды талап еткен болатын», – делінген хабарламада.
Білім министрлігінің жанынан қолдарына плакаттар ұстаған әлденеше ондаған адам жиналып, «Масқара!» деп айқайлады, алдарына министрдің келуін талап етті.
Сол бойда жұрт жиналған жерген арнайы техникалар мег әскери автозак көліктері келді.