Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ақтөбеде жас жігіт пен қыз жол оқиғасынан қаза тапты

АҚТӨБЕ. 30 тамыз. Ақтөбе облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан жас жігіт пен қыз қаза тапты. Бұл туралы «Диапазон» хабарлады.

Оқиға кеше, 29 тамыз күні түнде «Ақтөбе-Солтүстік» трассасында болған. Жігіт пен қыз Ақтөбенің жанындағы «Ақшат» ауылына жақын жерде мотоциклмен келе жатып, апатқа қшыраған.

Апатқа айғақ болған Yamaha мотоциклінің рулінде 17 жасар бозбала отырған. Ол Солтүстік көпірге бұрылатын тұста трасса бойында жүрген жылқыға соғып, апат жасаған. Осыдан кейін айдаушы жас жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз алған жарақаттары салдарынан оқиға болған жерде естерін жимаған күйі қаза тапқан.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, апат жасаған жас жігіттің көлік құралын жүргізу құқығы болмаған. Ол апатты жағдай туған кезде мотоциклдің жылдамдығын азайтып, тоқтатуға немесе жол үстіндегі жылқыны айналып өтуге әрекет жасамаған.

Осыған байланысты Ақтөбе облыстық жол полициясы қаза тапқан балалардың ата-аналарына қайғырып көңіл айта отырып, ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына көлік құралын бермеуді, оларды түнгі уақытта бақылауға алуды өтініп сұрайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button