26 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тасмағамбетов Арменияның ҰҚШҰ-дан көмек алудан бас тартқанын баяндады

20 Қараша 2023 22:29
- Жаңалықтар, Қайнар
Тасмағамбетов Арменияның ҰҚШҰ-дан көмек алудан бас тартқанын баяндады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 20 қараша. Армения билігі Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымынан (ҰҚШҰ) күн тәртібінен өзіне көмек көрсету жөніндегі құжатты алып тастауды өтінді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Мұны Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуінен кейін ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеген деседі.

Осыған орай БелТА оның сөзінен дәйектеме келтіреді. «Армян тарапы, басқа қалған одақтастары шешімді толық қолдағандарына қарамастан, бұл құжатқа ешқандай қызығушылық танытпады, бұған қоса, біздің жұмысымыздың аяқталу кезеңінде олар мұны күн тәртібінен мүлде алып тастауды өтінді», – деді бас хатшы.

Хайастан (Армения) премьер-министрі Никол Пашинян (суретте) 2022 жылғы қарашада Ереванда өткен ҰҚШҰ саммитінде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Арменияға көмек көрсетуді ұсыну жөніндегі бірлескен шаралары туралы шешіміне қол қоюдан бас тартқан болатын. Бұдан кейін ҰҚШҰ-ның сол кездегі бас хатшысы Станислав Зась тұйықтан шығудың амалы ретінде құжаттың толықтыруды қажет ететін тұстары бар екенін алға тартты.

2023 жылы Ұйымның төраға елі қызметін Беларусь атқаруда. Оның құұрамына сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Алдағы 22-23 қараша күндері Минскіде ҰҚШҰ-ның саммиті, қорғаныс министрлерінің кеңесі өткелі жатыр. Оған Никол Пашинян қатыспайтынын бұдан бұрын жариялап қойған болатын. Ол соның алдында Бішкекте өткен жиынға да ешбір нақты себепсіз бармай қалған еді.

Таңбалар: АрмениякөмекминскҰҚШҰ

Ұқсас мақалалар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды
Жаңалықтар

Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist