Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Минскіде музейдің директоры жоғалып кетті

МИНСК. 18 тамыз. Беларусь астанасындағы Волковыск музейінің директоры аяқ астынан жоғалып кетті. Бұл туралы Naviny.bu хабарлады.

Тамыздың 15-і к.ні Багратион атындағы Волковыск әскери-тарихи музейінің директоры Константин Шишмаков қарсылық қозғалысына қатысушыларға қолдау көрсетіп жүрген кезінде жоғалып кетті. Сайлау комиссиясының мүшесі болған ол хаттамаға қол қоюдан бас тартқан екен. Сол күні кешкі сағат 17:00-де телефонмен үйге қайтып келе жатқанын айтқан да, сол бойы үшті-күйлі жоғалған. Одан кейін оны ешкім көрмеген.

Бүгін Беларусь ұлттық көркем музейінің қызметкерлері оны қолдау акциясын ұйымдастырды. Олар сондай-ақ осы күндері наразылық қозғалысына қатысып жатқандарға қолдау білдірді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button