Купала театрының актерлері жаппай жұмыстан кетпекші
МИНСК. 18 тамыз. Бүгін таңертең Янка Купала атындағы Беларусь ұлттық академиялық драма театрының 80 актері өз еріктерімен жұмыстан шығу жөнінде арыз берді. Бұл туралы Naviny.bu хабарлады.
Актерлер осылайша осының алдында жұмыстан шығарылған театр директоры Павел Латушкомен өздерінің ынтымақтастығын білдірді. Ал директор осы күндері шеруге шығып, ішкі істер министрін қатты сынға алған еді.
Таңертең театрға мәдениет министрі Юрий Бондарь келді. Ол труппаның жаңа 101-маусымға дайындығы жайында сөйлесуді мақсат етіп келген екен. Бұған актерлер «жаңа маусым болмайды» деп жауап берді.
Бондарь театр директорының саяси себеппен жұмыстан шығарығанына келіспеді. Ол тапсырманың үкіметтен берілгенін айтты. «Мұндай жағдайда театр шығармашылық маусымын қалай бастайды» деді ол. Ал театр қызметкерлері жаңа маусымның болмайтынын айтып, оған отставкаға кетуге кеңес берді.
Шенеунік кеткеннен кейін театрдың шығармашылық тобының мүшелері түгелдей жұмыстан шығуға арыз жазып берді. Олардың басты талабы Павел Латушконы орнына қайта әкеліп, Юрий Бондарьды отставкаға жіберу болып отыр.
Театр қызметкерлері көшеде өздерін қолдауға келген 200-ге жуық қала тұрғындарымен кездесті.