Қытай технология қосымшалары тыңшы қызметін атқарады
МӘСКЕУ. 13 тамыз. Қытайдың QuVideo Inc компаниясы жасайтын технологиялық және коммуникациялық қосымшаларының бәрі өзінің негізгі қызметінен бөлек тыңшылық міндет де атқарады. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
Аталмыш компания VivaVideo, VivaVideo PRO, Tempo, VidStatus, SlidePlus және VivaCut қосымшаларын жасап шығарады. Осы қосымшаларды көшіріп алудың құны 157 млн доллардан асады. Бұлардың бәрі пайдаланушылардың жүрген-тұрған жерлерін анықтап, тыңшылық жасап отыруға арналған. Мұны VPNPro порталы өз баяндамасында толық дәлелдеп шыққан.
Қосымшаларды GooglePlay түрінде де, AppStore түрінде де көшіріп алуға болады.
Портал 2017 жылы Үндістан билігінің VivaVideo қосымшасының әуе күштеріне тыңшылық жасап отыратынын әшкерелеп, барлық әскери қызметкерлеріне оны алып тастауды тапсырған.
QuVideo компаниясы Ганчжоу қаласында орналасқан, ол мобильді видеореадактор мен фоторедакторды талдап жасаумен шұғылданады.
Бұдан бұрын «Wall Street Journal» журналы Қытайдың TikTok сервисі Google саясаты тыйым салған тәсілмен Android-пайдаланушылардан мәліметтер жинайтынын паш етіп берген еді,