Әлем чемпионы Исраэл Акопкохян аштық жариялады
ЕРЕВАН. 13 тамыз. Атақты армян боксшысы, әлем чемпионы Исраэл Акопкохян 12 тамыз күні белгісіз мерзімге дейін аштық жариялады. Бұл туралы News.am хабарлады.
Бұрынғы спортшы осы үшін Еревандағы Гарегин Нжде ескерткіші түбіне келіп отырды. Ол мұны Ыстанбұл және Лансарот конвенцияларына, Амулсара эксплуатациясы мен басқа да мәселелерге қарсылық ретінде жасайтынын айтты.
«Менің аштық жариялаудағы мақсатым – біздің халқымыздың проблемаларына алаңдайтын барлық адамдардың басын біріктіру, оларды елдің тозғынға ұшырауына жол бермеуге шақыру. Бұл планетада менің бір ғана отаным бар. Мен бір адамның бір адамды жек көргенін, билік өкілінің қарапайым халыққа қарсы тұруын қаламаймын. Бұдан екі жыл бұрын билікке келгендер «полицей біздікі» деп айқайлап еді, бірақ қарап тұрсам, полиция шынында біздікі, бірақ ол түріктің қолында екен. Енді олардың армяндардың қолында болуына күш салу керек», – деді Акопкохян.
«Қазір министрлер кабинеті жанына көптеген адам жиналады. Бірақ сол адамдардың арқасында билікке келгендер енді олардың дауыстарын естімейтін болған», – деді атақты спортшы.
Ал бүгін премьер-министр Никол Пашинянның өзі арнайы келіп, біраз әңгімелескеннен кейін Исраэл Акопкохянның аштық жариялауын тоқтатқаны айтылып жатыр.