Қытай аз санды ұлттарды жойып жіберуге арналған заң қабылдады

БЕЙЖІҢ. 11 наурыз. Қытай билігі елдегі азшылық халықтарды бірегейлігінен айыруға бағытталған «Этникалық бірлік» деп аталатын заңды өмірге келтірді. Бұл туралы BBC ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Халықаралық қауымдастық арасында Қытай үкіметі соңғы ондаған жылдар бойы елдегі аз санды ұлттар мен ұлыстарды бағындыруға және оларды қарасы басым хань мәдениетіне сіңіріп жіберуге бағытталған репрессивті саясат жүргізеді деп айыпталып келеді.
Енді осы аптаның соңында Қытай парламентінің жылдық сессиясында ресми түрде бекітілуі күтілетін жаңа заң бұл процесті нығайтады, кеңейтеді және тіпті жеделдете түседі, бұл ғалымдар мен құқық қорғаушылардың пікірінше, азшылықтардың құқықтары мен олардың өмір салтына одан әрі зор қауіп төндіргелі тұр. Мұны ассимиляцияның барлық тетітктерді іске қосу арқылы мемлекеттік деңгейде қолға алынуы деп қабылдауға болады.
Алайда Қытай билігі өз бастамасын «көбірек бірлікке қол жеткізу арқылы жаңғыру» үшін қажетті ілгері жылжушылық деп атай отырып, оны «ұлттық тұтастық пег прогреске ықпал ету туралы» заң деп бағалап отыр.
Ал бұл заң ханьзудың мандарин диалектісінің пайдасына қарай жұмыс істей келіп. басқа халықтардың мәртебесін төмендетуге жол ашады, ол елдегі басым күшті хань халқы өкілдерін басқа этникалық топтардың қыздарымен үйленуге ынталандырады, мұндай одаққа қарсы шығуға бағытталған кез келген әрекетке тыйым салады, ата-аналарды «өз жасөспірім жеткіншектерін Қытай Коммунистік партиясына деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеуге» міндеттейді, сондай-ақ «этникалық бірлікке» зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті тез арада ауыыздықтап тұрады.
Қытай райысы Щи Жиң Пиң бұған дейін бірнеше мәрте діндегі әдет-ғұрыптар Қытай коммунистік партиясы белгілеп берген қытай мәдениеті мен құндықтарына сәйкес келетін болуы тиіс екенін талап ете тұрып, «дінді қытайландыруға» шақырған болатын. Әлем сарапшылары бұл заңды Щи жолдастың билігін нығайта түсуді көздейтін кезекті қадам деп бағалауда.
Қазір 1,5 млрд шамасындағы Қытай халқының 91 пайыздан астамын хань этносы құрайды. Бірақ бұл тілдің өзі 7-10 негізгі диалектіден тұрады. Оларда сөйлейтін халықтар бір-бірін түсіне бермейді. Мысалы, ең ірі Бейжің мен Нанкин диалектісін пайдаланатындар екі тілде сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады. Елде қазіргі заманда Бейжің диалектісі (мандарин, гуаньхуа, путунхуа, солтүстік диалект) ең көп таралғаны болып табылады, Қытайдың ресми тілі де сол.
Жөңге елінде 55 азшылық ұлт бар деп есептеледі. Олардың ірілері қатарында чжуань (19,5 млн), ұйғыр (11,7 млн), хуэйцзи (11,3 млн), мяо (11 млн), манчжур (10 млн), и (9,8 млн), туцзя (9,5 млн), моңғол (6 млн) ұлттары бар. Ал қазақтар саны ресми деректе 1,5 млн деп жазылған. Бірақ бұл цифр үлкен күмән тудырады. Олай дейтініміз: сонау өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында жарық көрген статистикалық кітаптарда қазақтар саны 2,5 млн деп көрсетілген еді…






